• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Қараша, 00:22:08
Алматы
+12°

Бас прокуратура Абай облысындағы өртке байланысты қозғалған іс аясында Ильин, Сүлейменова, Ұранхаев және Ахметовті тергейді. 

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы өртке байланысты "екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау" және "салғырттық" бойынша екі қылымыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, өртке қатысы бар барлық лауазымды тұлғадан жауап алынады.

"Қазір екі істі бас прокуратура тергеп жатыр. Тергеу аясында өз міндетіне салғырт қараған, соның нәтижесінде әрекеті қайғылы оқиғаға себеп болған лауазымды тұлғалардың барлығы анықталады... Лауазымды тұлғалардың әрекетіне әзірге баға берілген жоқ. Барлығы жауапқа тартылады"– деді Жандос Өмірәлиев.

Еске сала кетейік, Абай облысындағы орман өртінен 15 адам қаза тапқан болатын. Қазір тілсіз жауды ауыздықтауға 1800 ге жуық адам жұмылдырылған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір