21 Маусым, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі биылдың өзінде ел аумағында қос азаматтықпен жүрген 233 адамды анықтаған. Ал 150 адам өзге біреудің құжатын пайдаланған.
Басқа біреудің құжатын пайдаланғандардың көпшілгі Индия, Нигерия, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей тұрғындары.
"Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз өткізбек болған 153 жағдай тіркелді. Күдіктілер әрі қарай тексеру үшін ІІМ мен МКД аумақтық бөлімшелеріне тапсырылды. Одан бөлек, ҚР көші-қон заңнамаларын бұзғаны үшін 8 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, жалпы сомасы 2,5 миллиард теңгені құрайтын 300-ден астам заңсыз валюта айналымы да анықталған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір