29 Маусым, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің қазасына қатысты іс сотқа жіберілді.
"Адвокат істі сотқа жіберу туралы хабарламаны жіберді. Шілдеде бастайтын шығар. Іс бойынша ештеңе өзгерген жоқ. Сол Жұман деген бір күдікті бар. Қалғандары куәгер ретінде өткен" – деді Айдос Мелдехан. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.
Тергеу органдары күдіктіні "билік өкілетін асыра пайдалану" бабымен жауапқа тартқысы келеді. Бұған дейін жәбірленуші жақтың адвокаты тергеу органдары кішкентай қыздың өліміне жауаптыларды жазадан құтқарғысы келетінін айтқан. Балалар отырған көлікке оқ жаудырған адамдар бұл істе куәгер ретінде тергеліп жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір