• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 21:41:35
Алматы
+35°

Қала әкімі Астана күні – экс президент Назарбаевтың туған күніне сәйкес келетін қала күнінде отшашудың ұйымдастырылмауының себебін түсіндірді. Журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде Жеңіс Қасымбек экс-президенттің атын атамады. 

Ол елорда жұртшылығы отшашу сұрамағанын айтты.

"Біз отшашу ұйымдастыруды жоспарлаған жоқпыз.  Сондықтан сіз атаған фамилиямен ешқандай байланыс жоқ. Қала жұртшылығы да отшашу сұраған жоқ. Сондықтан ұйымдастырылмайды", – деді Қасымбек.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын қала әкімдігі мерекеге орай отшашу болмайтынын мәлімдеген. Биыл Астана күні үшінші жыл қатарынан отшашусыз өтпек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір