• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 21:48:16
Алматы
+12°

Қазақстанда шахматтан әлем чемпиондарына өмір бойы қаржылай көмек берілмек. Қазіргі таңда мұндай көмек Олимпиада, Паралимпиада және сурдлимпиада жеңімпаздары мен олардың жаттықтырушыларына беріледі.

Мәдениет және спорт министрлігі мемлекеттен өмір бойы материалдық көмек алуға құқылы спортшылар қатарын кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл санатқа шахмат олимпиадасының ересектер арасындағы классикалық шахматтан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен олардың жаттықтырушылары қосылуы мүмкін. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған консультативтік құжат жобасынан белгілі болды.

Сондай-ақ, спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы материалдық көмек алу үшін қойылатын өзге талаптарға да өзгерістер енгізу қарастырылып жатыр. Оның ең бастысы – міндетті еңбек өтілін 20 жылдан 10 жылға дейін төмендету. Алайда, бұл ретте талапкер 10 жыл Қазақстанда және дене шынықтыру және спорт саласында еңбек етуі тиіс.

Өмір бойы қаржылай көмек алу үшін чемпион, міндетті түрде, Қазақстан азаматы болуы тиіс. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: шахмат

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір