• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 11:14:27
+7°

Олигарх Патох Шадиевтің немере інісі кәсіпкер Орифжан Шадиев 18 айға сотталды. Оған Asia Credit Bank-ке 16 миллиард теңге зиян келтірді деген айып тағылды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков хабарлады.

"Жақында Алматыда отандық Forbes журналы тізімінде соңғы уақытқа дейін 40-шы орында тұрған кәсіпкер Орифжан Шадиевке қатысты үкім шықты. Кәсіпкер «Азия Кредит Банкіне» 16 миллиард плюс (Қылмыстық кодекстің 250-бабы) зиян келтірген өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды", делінген Михаил Козачковтың telegram каналында. 

Олигарх Орифжан Шадиевтен бөлек оның көмекшісі Михаил Соловьев те сотталды. 

"2019 жылы Патох Шадиевтің жиені Орифжан Шадиев Asia Credit Bank акцияларын бұрынғы иесі Сарыбай Қалмұрзаевтың ұлы Нұрбол Сұлтаннан сатып алды. Мәміленің бір ғана шарты болған: Сұлтан банкті тапсырады, ал Шадиев бірнеше несие бойынша кепілдерді босатады және осы міндеттемелерді өз мойнына алады. Сол кезде 16 миллиард 699 миллион теңгелік мүлік туралы сөз қозғалған", делінген хабарламада. 

Орифжан Шадиев өз кінәсін толық мойындаған. Ал оған көмектескен Михаил Соловьев өз кінәсін жартылай мойындаған. Олар жазасын ең төменгі режимдегі колонияда өтейтін болады. Сондай-ақ сотталғандар банкке дәл сол 16 миллиард теңге көлеміндегі шығынды өтеуі тиіс.Үкім заңды күшіне енген жоқ 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір