25 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Азаттық радиосы
Екі айға қамауға алынған Думан Мұхаметкәрім 20 күннен бері аштық жариялаған. Журналисттің денсаулығы осы апта нашарлап кеткен.
Бұл туралы адвокат Ғалым Нұрпейісовке сілтеме жасап, Азаттық радиосы хабарлады.
"Кеше Думан өзін нашар сезінді. Бұрын салмағы 80 келіден асатын, қазір 60 келі болды. Әкесі келгенде, тұруға күші жетпегендіктен, шыға да алмады", - деді адвокат.
Белсендіге дәрігерлер бірнеше рет келіп, көмектеспек болған. Бірақ журналист олардың көмегінен бас тартқан. Ол өз талабы орындалмайынша аштықты тоқтатпайтынын да атап өткен.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір