• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Қараша, 05:57:26
Алматы
+12°

Қаңтар оқиғасында әуежайды басып алды деп айыпталған журналист Әйгерім Тілеужан адвокаты Айнара Айдархановамен кездескенде Алматыдағы №72 тергеу изоляторында әйелдер аштық жариялағанын айтқан.

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

"Әйелдер жетекшілікке арыз жазған, себебі оларды басқалардан бөлек ұстауы керек. Бірақ 72 әйел ортақ камерада отыр, олардың құқығы бұзылып жатыр. Әйгеріммен бір камерада отырған әйелдердің ішінде біреуінің астмасы асқынған, екіншісінде эпилепсия бар. Әйгерім айғайлап көмек шақырмағанда олардың жағдайы қиын болар еді. Белгілі бір ауруы бар адамдарды арнайы камерада дәрігердің бақылауында ұстау керек" деп жазды адвокат Айдарханова.

Адвокаттың сөзінше, қазір изоляторда кемі екі әйелдің аштық жариялағаны белгілі, әйелдердің көбі қамау орнындағы жағдайға наразы әрі әділ тергеу мен әділ сот шешімін талап етеді.

Алайда қылмыстық-атқару комитеті, бұған қарсы күн сайын тұтқындардың денсаулығы тексерілетінін хабарлады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір