31 Шілде, 2023 NEWS
Фото: haberglobal.com.tr
Түркиядағы жол апатынан ауруханаға түскен Қазақстан турисі қаза болды. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
Қаза болған адам туралы толық ақпарат әзірге қолында жоқ, бірақ жол апатына ұшыраған микроавтобустағы туристердің бәрі Түркияға Қазақстанның Маңғыстау облысынан барғандар деген болжам бар.
Оның сөзінше, Қазақстан консулы жол апатынан зардап шеккендер мәселесімен айналысып жатыр.
"Зардап шеккендер есін енді жинап жатыр. Үш адам ауруханаға түскен, бірақ әрқайсы бөлек-бөлек ауруханада, консул үшеуіне де барып, хал-ахуалдарын біліп отыр" деді Айбек Смадияров.
30 шілдеде Түркияның Аланья ауданының Анталья провинциясында Қазақстан туристері мінген автобусқа жүк көлігі қатты жылдамдықпен соғып, жол апатын жасаған.
Микроавтобус жүргізушісі мен алдыңғы орында отырған украин гиді сол жерде қаза болып, 10 адам жараланғанын жексенбіде Hurriyet газеті хабарлады.
Дереккөз: Азаттық радиосы
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір