02 Тамыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
"Ақкент" шағын ауданында болған өрт кезінде балконнан секірген әйелді құтқаруға болар еді. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар депаратменті бастығының міндетін орындаушы Ерлан Әлібеков мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оның айтуынша, өрт кезінде адамдар қатты үрейленіп, арты дүрбелеңге ұласқан. Тұрғындар балаларын балконнан лақтырып жіберген, артынан өздері де секіріп кеткен. Алайда үйдің сыртында қатты түтін байқалмаған. Балконда барлық тесікті бітеп, отыруға болар еді. Ол жерде таза ауа да бар. Қаза болған әйелді де құтқаруға мүмкіндік болған.
"Ол уақытта біздің құтқарушыларымыз жақындап қалған. Олар 20 секунд күте тұрғанда алып шығатын едік. Өрт сөндірушілер есікті бұзып кіргенде анасы болған. Оған құтқару қалпағын кигізіп, алып шықты. Сол кезде екі қыз секіріп кетті. Сәл күте тұрғанда оларды да құтқаратын еді", - деді Әлібеков арнайы брифингте.
Оның айтуынша, кешегі өрт кезінде 80 адам құтқарылды. Олардың арасында балалар да бар.
Айта кетері, балконнан секірген бір әйел ауыр жарақат алып, қайтыс болды. Оның әпкесі ауруханада жатыр.
Қайтыс болған әйелдің отбасына Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев көңіл айтқан болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір