• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 21:51:56
Алматы
+12°

Қырғызстан Қазақстанға баратын егіс суын тоқтатты. Қырғызстан ауыл шаруашылығы министрлігінің айтуына қарағанда, бұл шешімге екі тараптың келісімімен келген.

17-19 шілдеде Бішкекте Қазақстан мен Қырғызстан өкілдері кездесіп, кездесу кезінде Қазақстан Киров су қоймасынан Жамбыл облысындағы суармалы егіске суды көбірек жіберуді сұраған. Алайда енді екі тарап та келісімді бұзуды жөн көріп отыр.

"Олар 18-31 шілде аралығында Киров қоймасынан секундына бұрынғыдай 40 текше метр емес, 45 текше метр су жіберуді сұрады. Біз көбейте алмайтынымызды, өз егісімізге де жетпей жатқанын алға тарттық. Егер 45 текше метр су алатын болса Қазақстанның 3,54 миллион текше метр лимиті 4 тамызда-ақ таусылады. Қазақтар сонда да өтінішінен бас тартпады. Сондықтан екі жақ Қазақстанға егіс суын тамыздан бастап тоқтату жөнінде хаттамаға қол қойды", - дейді Қырғызстан ауыл шаруашылығы министрлігі.

Ведомствоның жазуынша, қазір Қырғызстанның Талас облысында су тапшылығы болып жатыр, бұл облысқа Киров су қоймасынан секундына 1,3 текше метр жіберіледі. Былтыр бұл уақытта секундына 13,7 текше метр су ағытылған. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады. 

Бұған дейін Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрлігі Қырғызстан тамыздан бастап Жамбыл облысына баратын егіс суын тоқтатқанын, соның салдарынан бұл өңірдегі ауыл шаруашылығы дақылдарына қауіп төнгенін хабарлаған. Бұл ақпаратқа қарағанда, 9 тамызда Киров су қоймасынан Талас өзенінің бассейніне 32,48 миллион текше метр су жіберілген, онысы былтырғыдан (177,28 текше метр) 144,8 миллион текше метр аз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір