• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Қараша, 22:30:38
Алматы
+12°
 
Астана қалалық сотында Қайрат Боранбаевтың ісі бойынша апелляциялық келісім қаралды. Сотта Назарбаевтың бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаев өз кінәсін мойындайтынын мәлімдеді. 
 
"Сотталушы кінәні мойындау арқылы процессуалдық мәміле жасауға және қылмыстық іс бойынша келтірілген зиянды ерікті түрде өтеуге өтініш білдіреді",– деді Боранбаевтың адвокаты.
 
Сот отырысы бар-жоғы 15 минутқа созылған. Өзге сотталушылар Наханов пен Жанұзақов Қайрат Боранбаевқа  қосылатын айтты. Боранбаевтің өінішін барлық қорғаушылар қолдады.

Аталған мәселе келесі отырыста қаралады, бірақ келесі сот отырысы қай күні өтетіні белгісіз.

Еске сала кетейік, наурыз айында Боранбаев сұйытылған мұнай газын сатып алу барысында 14,5 миллиард теңге жымқырды деген айып тағылып, 8 жылға бас бостандығынана айырылған болатын. 

Боранбаевтың сенімді өкілі Роман Наханов пен "QazaqGaz" ҰК АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзақ та 8 жылға сотталған еді. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қайрат боранбаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір