• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:18:26
Алматы
+12°

Алматы облысында "ALTYN ORDA NEW COMPANY" ЖШС-де хронометраждық зерттеу жүргізілді. 

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, компанияда бақылау-касса машиналарын қолданбай ақшалай есеп айырысумен айналасқан нүктелер анықталды (базарға кіру және бухгалтерия). Тексеру нәтижесіндн қосымша 4 бақылау-касса машинасы тіркелді. 

Жүргізілген тексеріс нәтижесінде бюджетке өсімпұлды есептемегеннің өзінде 170 млнға жуық қаражат түскен.

"Бүгінгі таңда "Алтын Орда" сауда базарында түсіндіру жұмыстарының нәтижелерімен жеке кәсіпкерлер ретінде 742 салық төлеуші және осынша бақылау-касса машиналары ерікті түрде тіркелді. Одан бөлек, Алматы облысы бойынша Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, "Алтын орда" базарында кәсіпкерлік қызметті салық органдарында тіркеусіз жүзеге асыратын тұлғаларды анықтау бойынша тексеру жүргізілді. Рейд барысында 12 жеке тұлға анықталды. Материалдары сотқа жолданды", – делінген хабарламада.

Бұдан басқа, мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері 3 салық төлеушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты:

- 1 салық төлеуші кәсіпкерлік қызметпен айналыса отырып, тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жіберусіз әрекеттер жасағаны үшін;

- тауардың бағасын төмендетіп көрсетіп, аталған тауарды "Алтын орда" базарының аумағында өткізген 2 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: алтын орда базары

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір