• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 02:15:51
Алматы
+12°

Полиция тіркелмеген "Демпартияның" белсенділері Аружан Дүйсебаева мен Мейірхан Жолаевты қамауға алған. 

"Бүгін Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездеседі екен. Сол кезлесудің алдында Аружан мен Мейірханды еш себепсіз полиция ұстап алып кетті.Аружанға қатысты күш қолданған", деп жазды партия белсендісі Инга Иманбай. 

Аружан Дүйсебаева полициядан шыққан соң оқиғаның мән-жайын түсіндірді. 

"Ерболат Досаевтың кезекті кездесуіне барып Наурызбай ауданындағы бірқатар мәселелері туралы айту үшін барғанмын. Алайда мені кездесуге қатыстырмай, полиция бөлімшесіне алып кетпекші болды. Бөлімшеге бармайтынымды айтып, 5-6 минуттай қарсылық таныттым. 10-ға жуық полицей жабылып, көлікке салып алып кетті. Басым мен қолымнан жарақат алдым. Бұл барып тұрған бассыздық. Мұны Алматы қаласының әкімі Досаевтың тікелей тапсырмасымен жасалды деп білемін", дейді Аружан Дүйсебаева. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір