24 Тамыз, 2023 NEWS
Фото: tobolinfo.kz
Сот Қостанай облысында 2022 жылы болған орман өрті үшін айыпталған "Басаман" орман шаруашылығының бұрынғы директоры Асғат Жақашевке қатысты шешім шығарды.
Асғат Жақашев "лауазымдық өкілеттін асыра пайдаланды"деп айыпталды. Алайда айыпталушы өз кінәсін мойындаған жоқ.
Нәтижесінде іс "қызметіне немқұрайлылықпен қарау" бабы бойынша қаралды. Срт Жақашевты төрт жылға бас бостандығынан айыруға үкім берді.
Еске сала кетейік, 2022 жылдың күзінде Қостанай облысында бірнеше орман өрті орын алды. Ауылдарда 108 ғимарат күлге айналып, 10 адам күйік пен уланудан зардап шекті. Өрт салдарынан 1935 жылы туған ер адам қайтыс болды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір