• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Қазан, 11:20:57
Алматы
+9°

9 жылдан астам уақыт жұмыс жасап келе жатқан QAZBILIM GROUP компаниясының бір бағыты — QAZBILIM ұлттық лицейі.

«Қазақтың әр баласы дарынды, Дұрыс бағыт беру — бізге парыз!»-деп ұлттық тәрбие мен құндылықты, сапалы білімді тірек еткен QAZBILIM GROUP компаниясының QAZBILIM ұлттық лицейлері еліміздің әр түкпірінен ашылып жатыр.

Былтыр Ақтау, Қостанай, Атырау қалаларынан ашылған ұлттық лицейлері биыл Алматы, Шымкент, Қызылорда, Қарағанды қалаларынан бой көтерді.

Сапалы білім мен ұлттық тәрбиеге негізделген лицейде 5-11-сынып оқушылары арнайы қабылдау емтиханы арқылы өтеді. Қазір әр қалада оқушыларды қабылдау қарқынды жүріп жатыр.

Ұлттық лицей таза қазақ тілінде тереңдете білім береді. «QAZBILIM ұлттық лицейі» оқушыларға сапалы білім берумен қатар жан-жақты қалыптасуы үшін ұлттық тәрбие; Біртұтас QAZBILIM авторлық методикасы; Пәндік олимпиадаға бағдарлы дайындық; ҰБТ-ға кешенді дайындық; Қазақстандық және шетелдік үздік университеттерге түсуге бағыт-бағдар және кепілдік; IELTS-қа дайындық; Домбыра, жетіген, т.б. ұлттық аспаптар үйірмесі; Спорт үйірмесі; Шахмат, тоғызқұмалақ, т.б. интеллектуалды ойындар арқылы әртүрлі шаралар ұйымдастырып, білімді тек теория жүзінде ғана емес, тәжірибемен ұштастыруға көбірек мән беріледі.

«Мектеп жаңа компьютерлік жүйелермен, заманауи компьютерлік техникалар, интерактивті электронды тақталар, жоғары жылдамдықты интернет, мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған. Жеке кітапханасы бар. Балалар үшін барлық жағдай жасалған. Олардың демалатын, тамақтанатын орны, сабақ оқитын кабинеттері талапқа сай жасақталған. Балалар топтық жүйе бойынша оқытылады. Ұстаздар жоғары, бірінші, екінші санатты педагогтар. Оқулықтар жеткілікті», — дейді  «QAZBILIM GROUP» компаниясы басқарма төрағасы Аятжан Ахметжанұлы.

Естеріңізге сала кетейік,

Қызлорда қаласындағы QAZBILIM ұлттық лицейінің ашылу салтанаты 26 тамыз, сағат 10:00 де, Абай даңғылы 31 мекенжайында өтеді.

Шымкент қаласындағы QAZBILIM ұлттық лицейінің ашылу салтанаты 27 тамыз, сағат 10:00 де, Арғынбеков даңғылы 146 мекенжайында өтеді.

Алматы қаласындағы QAZBILIM ұлттық лицейінің ашылу салтанаты 28 тамыз, сағат 13:00 де, Төле би 291Б мекенжайында өтеді.

Қарағанды қаласындағы QAZBILIM ұлттық лицейінің ашылу салтанаты 31 тамыз, сағат 13:00 де, Құрылысшылар 4 мекенжайында өтеді.

Толық ақпаратты http://qazbilim.edu.kz/  сайтынан және 87019348008 номері арқылы біле аласыздар. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір