• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 10:46:15
Алматы
+7°

Бұрын Шымкент полициясын басқарған полиция генерал-майоры Қайрат Далбеков ротация тәртібімен енді Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша жаңадан құрылған ҚАЖД бастығының міндетін атқаратын болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков 1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1989 жылдан бастап қызмет атқарады. Орта және аға басшы құрамның әртүрлі жедел лауазымдарында қызмет атқарған. 2018 жылдан 2022 жылға дейін Түркістан облысының Полиция департаментін басқарған. Өткен жылдың ақпанынан бері Шымкент қалалық полиция департаментінің басшысын қызметін атқарды.

Кейбір деректер бойынша, Далбеков – экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы Әнипа Назарбаеваның құдасы.

Далбековтың орнын полиция генерал-майоры Думан Таев басты.

Шымкент қаласы полиция департаментінің жаңа басшысы 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында қызметін 1988 жылы бастаған. Әр жылдары полиция бөлімшелерінде басшылық қызметтер атқарды. Соңғы лауазымы - Ақмола облысы ПД бастығы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір