• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Қараша, 05:03:03
Алматы
+12°

Әлеуметтік желіде қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар Айкөркемнің әкесі Айдос Мелдеханның өткен өміріне қатысты түрлі ақпарат таралып жатыр. Бүгін адвокат Ләззат Ахатова өзінің facebook парақшасында Айдос Мелдеханға қатысты "қызының өлімін саудаға салды", "2006 жылы ауыр қылмыс жасап 10 жыл түрмеде отырған" деген мәліметтер жариялады. 

"4 жасар қызының өлімін саудаға салып жүрген Айдос Мелдеханның өзі 2006 жылы ауыр қылмыс жасап, біреудің өрімдей қызына зорлық жасамақ болып, ол көнбеген соң, қинап өлтіргенін, сол үшін ұзақ мерзімге сотталғанын біреу білсе, біреу білмейді. Ал 10 жылдан аса түрмеде отырған Айдос Мелдехан кішкентай қызының өлімі үшін әр түрлі ұйымдардан қанша қаражат алып, қанша пайда көргені де көпшілікке беймәлім" деп жазды адвокат.

Осыған баланысты Qamshy.kz ақпарат агенттігі Айдос Мелдеханға хабарласып, пікірін білген болатын. 

"Қазір билік адамдары түрлі ақпарат таратып, қазақ халқын әдейі маған қарсы қойып жатыр. Мен – шындық іздеп жүрген адаммын. Биліктен қызымның өліміне кінәлілердің жауапкершілікке тартылғанын ғана талап етемін.  Ал бұрынғы өмірімнің қаңтар оқиғасына ешқандай қатысы жоқ. Қаңтарда қайтыс болған қыздың әкесі ретінде қызымның құқығы үшін күресем"– деді Айдос Мелдехан.

Ол өзін "қызының өлімін саудаға айналдырып, биліктен 100 млн сұрады" деген айыптауларға да жауап берді.

"Биліктен ақша дәметіп жүрген жоқпын. Бұның барлығы – жалған ақпарат. Бізге пәтер берілгені рас. Бірақ осыған дейін сол пәтердің заңды түрде маған жазылмағанын дәлелдеп бердім. Керек болса, берген пәтерлерін алып кетсін. Қазір Айкөркемнің ісі бойынша Жұман Арман Игілікұлы деген жігітті жауапкершілікке тартылып жатыр. Ол – жоғарыдан түскен бұйрықты орындаушы ғана. Одан жоғары командирлері бар. Кемінде бөлімше командирі жауапкершілікке тартылу керек еді.  Ал қару қолданған адамдар куәгер ретінде қаралып жатыр. Оқ атқан адам ешқандай жағдайда куәгер бола алмайды. Менің бар талабым – сол кінәлілердің жасаған қылмысы үшін жауапкершілікке тартылуы. Биліктен басқа ештеңе сұрамаймын. Бұлар болса, халықты маған қарсы қоюдың амалын жасап жатыр" – деп айтты Айкөркемнің әкесі.

Сонымен қатар, Айдос Мелдехан Айкөркеммен бір көлікте болып, бірнеше жерден жарақат алған екінші қызы Жанельдің жағдайын да мәлімдеді. 

"17 жастағы қызым Жанельдің денесінде оқ қалдықтары әлі бар. Жүрегінен 2 мм жерде де оқ қалдығы тұр. Сол оқтарды алдыртудың амалын жасауым керек. Өзімнің де денсаулығым мәз емес. Дәрігерлер "бір бүйректі алып тастау керек" деп жатыр. Оның үстіне ағзамдағы қант мөлшері де көтеріліп кеткен. Бүгін бар, ертең жоқ адаммын. Тірі кезімде Жанельдің денсаулығы мен балаларымының құқығы үшін күресіп кетуім керек. Шындықтың аты – шындық. Егер күрес жолына түскенім үшін балаларыма қатер төнетін болса, сырт мемлекеттерден, халықаралық адам құқығын қорғайтын ұйымдардан көмек сұрайтын болам"– дейді Айдос Мелдехан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір