• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 01:38:27
Алматы
+12°

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы қаладағы атыстан зардап шеккендердің жағдайы жайлы мәлімдеме жасады. Бұл туралы Ulysmedia.kz. жазды. 

"Бірінші науқастың басында жарақаты, маңдай сүйегінде сынығы бар. Сол аяғына оқ тиген. Ол нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Басына ота жасауға дайындық жүріп жатыр. Қазір жағдайы тұрақты", – делінген хабарламада.

 Ал екінші науқастың іш қуысына оқ тиіп, ауруханаға ауыр  жарақатпен түскен.

"Екінші науқас хирургия бөлімінде жатыр. Қол аймағына оқ тиіп, көп мөлшерде іштей қан кету болған.  Науқастың ішек тұтастығын қалпына келтіру және іштен қан кетуді тоқтату үшін шұғыл операция жасалды. Қазір жағдайы ауыр", - деді ведомство.

Еске сала кетейік, 3 қыркүйекке қараған түні Алматы орталығында атыс болып, екі адам зардап шекті. Бұған дейін қалалық полиция күдіктілердің бірі ұсталғанын хабарлаған. Оқиғаның куәгерлері бетперде киген төрт адам атыс жасағанын айтты. Қазіргі уақытта полиция тергеу жүргізіп жатыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: алматы атыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір