16 Қазан, 2023 Барлық аймақтар
Ресей билігі интернетті бұғаттап, бәрін шектеуге кірісті
YouTube, WhatsApp, Telegram – бәрін құртпай тынбайын деді.
ашық дереккөзден
Ресей үкіметі YouTube, WhatsApp, Telegram түгілі, кез-келген сервис пен сайттарды жауып тастауға мүмкіндік беретін жабдықтарды жаппай сатып алып жатыр.
The Insider басылымы Ресей билігінің Қытайдың Huawei корпорациясымен тиісті келісім жасасып, IP-адрес пен протоколдар бойынша сайттарды бұғаттау мен тежеуге қажетті жабдықтарды сатып алып, енгізіп жатқанын растайтын құжаттарды тапқанын мәлім етті.
Кремль 2023 жылдың соңына дейін интернетті бұғаттау жүйелерін жетілдіру мақсатына 16,5 млрд рубль жұмсауды жоспарлап отыр.
2022 жылы Ресей Huawei-дің әртүрлі 965 серверін сатып алған. 2023 жылы 1206 сервер, 2024 жылы 1198 сервер сатып алмақ.
Соңғы 12 айда Ресейге Huawei компаниясының 18 млн долларға бағаланған өнімдері кіргізілген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір