• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:17:22
Алматы
+12°

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Ұлттық қордан балаларға қаражат беруді көздейтін заң жобасына Сенат ұсынған өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге келісті. 

Сенат депутаттары құжаттан "нысаналы жинақтау" ұғымын алып тастау керегін айтқан, өйткені олар БЖЗҚ-ның нысаналы жинақтау шоттарында ғана болуы мүмкін. Сондай-ақ ұлттық әл-ауқат қорының жалғыз акционерінің құзыретін регламенттейтін нормалардың қайталанғаны атап өтілді.

"Мәжіліс 23 қыркүйекте қабылдаған заң жобасы Сенат қарауына жіберілген еді. 13 қазанда Сенат заң жобасын кері қайтарды. Заңға 10 түзету енгізілді. Оның ішінде 5 түзету редакциялық нақтылау сипатында, 5 түзету заңның жекелеген нормаларын ішкі және заңнамалық актілерге сәйкес келтіруді көздейді", - деді депутат Берік Бейсенғалиев Мәжіліс отырысында. 

 Заң 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі тиіс. Құжат бойынша Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы әр балаға 18 жасқа толғанға дейінгі арнайы жинақтау шотына жиналады. Ол ақшаны 18 жасқа дейін ешкім ала алмайды.

Ендігі заң жобасына президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қоюы тиіс. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: заң жобасы Мәжіліс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір