• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:59:20
Алматы
+12°

20 Қазан, 2023 NEWS

Досаев Кемел ш.а. отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның жаңа ғимаратының дайындығын тексерді

Әкім пациенттерді қабылдауға арналған кабинеттерді, процедуралық және УДЗ кабинеттерін көрді

Фото: Ашық дереккөз

Кемел шағын ауданындағы жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның қызметін 8 мың тұрғын пайдалана алады. 

Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданын аралау барысында Кемел шағын ауданындағы 200 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулаторияға барды. Қала басшысы пациенттерді қабылдауға арналған кабинеттерді, процедуралық және УДЗ кабинеттерін көрді. 

Мегаполис басшысына қазіргі уақытта нысандағы барлық құрылыс-монтаж жұмысы аяқталғандығы туралы баяндалды. Инженерлік коммуникацияларға қосылу бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін амбулатория жұмысын бастайды.

Жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория Кемел шағын ауданының 8 мыңнан астам тұрғынын қолжетімді медициналық қызметпен қамтамасыз етеді. Қазір олар Кемел шағын ауданынан 3,5 шақырым жерде орналасқан Көкжиек шағын ауданында қаралып жүр. Ал №21 қалалық емханаға 42 600 тұрғын тіркелген. Жаңа амбулаторияның арқасында емдеу мекемесінде жүктеменің үштен бірі азаяды.

№ 21 емхананың бас дәрігері Ерлан Құдабаев емдеу мекемесінде көмек көрсетудің жеделдігі дәрежесін ескере отырып, пациенттерді санаттарға бөлуді көздейтін триаж-жүйе енгізілгенін, цифрлық кезек, штат жоғары мамандандырылған дәрігерлермен жасақталғанын хабарлады. Бүгінде медицина қызметкерлерінің штаты қалыптасып, құрал-жабдық сатып алынды.

Ерболат Досаев пациенттерді қабылдауды бастау үшін жаңа амбулаторияны жабдықтау және коммуникацияларға қосу жұмыстарын тездетуді тапсырды.

Анықтама: 2023 жылы Алматыда 2 отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашылды. Желтоқсанға дейін тағы 4 амбулаторияның құрылысын аяқтау жоспарланған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір