• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қазан, 02:54:18
Алматы
+9°

Алатау баурайында орналасқан Алматы шаһары бүгінде тек қазақстандықтардың ғана емес, шетелдік туристердің де қызығатын ордасына айналды. Зәулім ғимараттар мен көз тартарлық көрініс мұнда келгендерді бірден өзіне баурапалады. Алайда, таулы аймақта орналасқандықтан мегаполисте сейсмикалық қауіпсіздікке баса назар аударылады. Тіпті әрбір құрылыс нысаны салынар алдында компаниялар жауапты органдардың рұқсаты берілген арнайы құжаттарын алуы тиіс. Олай болмаған жағдайда, әрбір салынған нысанның бой көтеруі мүмкін емес.

Бұл басты қағидаттарды SABA GROUP.KZ компаниясы да есінен шығарған емес. Көпшілікке жайлы тұрғын үй кешенін салып жүрген компания өз қоныстанушылары үшін барлық қолайлы жағдайдың жасалуын басты назарда ұстайды. Компания басшысы Ержан Абдикадиров биік ғимараттарды салу кезінде арнайы техникалық қызметтердің жоғары болуына баса назар аударатынын атап өтті.

Ичт

«Сейсмикалық қауіпсіздік туралы айтатын болсақ, біздің қаламызда құрылысқа рұқсат алу үшін ең алдымен мемлекеттік сараптамадан өту қажет. Егер нысанның қандай да бір ерекшеліктері болса оған аса жауапкершілікпен қараймыз. Мәселен «КОМФОРТ СИТИ» тұрғын үй кешенінде 20 қабаттан тұратын үйлер салынған. Оны сараптамадан өткізу үшін арнайы техникалық қызметтер, құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтынан өтеді. Осыған байланысты біз кешенді толыққанды сапалы аяқтадық. Және біздің өзге де обьектілерімізде де қауіпсіздік талаптары жоғары деңгейде сақталған», - дейді SABA GROUP.KZ компаниясының президенті Ержан Абдикадиров.

Тл

Бұдан бөлек компания құрылыс бастамас бұрын ең әуелі сол маңайда бұрыннан қоныстанып келген тұрғындармен де ортақ тіл табысуға тырысады. Атап айтар болсақ, ұзақ жылдан бері шешімін таппай келе жатқан мәселелердің де жүзеге асуына мұрындық болуда. Мәселен, Алмагүл ықшамауданында орналасқан 125-мектепке жаңа корпус салып берген. Енді онда 600 бастауыш сынып оқушысы емін-еркін білім алады. Жаңадан салынған үш қабатты ғимараттың ішінде 11 сынып бөлмесі мен шағын спорт зал орналасқан. Сонымен бірге бөлек ұлдар мен қыздарға арналған киім ауыстыратын орын да бар. Компанияның еншісінде бұдан басқа да ауыз толтырып айтарлық  нәтижелер жетерлік. Толыққанды құрылысын бітірген нысандар мен жөндеу жұмыстары жүргізілген орындардың қазір көпшілік игілігін көруде.  Бүгінде компания тағы да жаңа екі жобаның жұмысын бастап кеткен.

«Бүгінде біз «ARMAN CITY» жобасын іске асыруға кірістік. Медеу ауданында 9 гектар жерді алып жатқан орында 52 үй тұрғызылады. Онда адамдарға барлық жағдай жасалып, инфрақұрылымы бар, адамның қолайлы өмір сүруіне қажетті мүмкіндіктер қарастырылған. Мәселен, қазір шаһардаға басты мәселелердің бірі мектеп тапшылығы. Сондықтан бұл аумақта өзінің жеке білім ордасы болады. Кешенде өмір сүретін адамдар балаларын қайда апарып оқытамын деп бас қатырмайды. Сонымен бірге кафе, мейрамханамен серуендеуге арналған аллея да жобаға енгізілген», - дейді SABA GROUP KZ компаниясының президенті Ержан Абдикадиров. 
Таь

Бұдан бөлек компания Сәтбаев көшесінде орналасқан SABA TOWER HOTEL жобасын да қазіргі уақытта жүзеге асыруда. Ғимарат ішінде 125 пәтер, автотұрақ және көптеген мейрамханалар, кафелер, кеңселер, сонымен қатар өзінің SPA орталығы қарастырылған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: SABA TOWER HOTEL Алматы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір