• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 02:07:28
Алматы
+12°

30 Қараша, 2023 Барлық аймақтар

Алматыдағы өрттен зардап шеккендердің дені – шетелдік студенттер

Студенттердің бәрі 25-30 жаста болған. Қазір олардың кім екені анықталып жатыр, - деп деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ашық дереккөздерден алынды

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаевтың сөзінше, хостелде өрттен қаза болғандардың ішінде Өзбекстан, Пәкістан азаматтары бар.

 – Өрттің шығу себебі әлі анықталуда. Әкімшіліктің мәліметінше, мұнда Өзбекстан, Пәкістан және өзіміздің республика азаматтары тұрған. Өрт адамдар ұйықтап жатқанда орын алған.  Сондықтан да  зертханалық сараптамасыз өрттің шығу себептерін алдын ала айта алмаймыз», –  дейді

Сондай-ақ ол жертөле аумағын жатақхана ретінде пайдалану заңсыз екенін айтады.

– Хостелдің жұмыс істеп тұрғанына бар-жоғы бір жарым ай болды. Әкімшілігі солай деді. Жалпы жертөле аумағын жатақхана ретінде пайдалану заңсыз. Жатақханада автоматты өрт сигнализациясы белгі  берсе де, қайғылы орын алғаны түсініксіз, - дейді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір