• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:08:06
Алматы
+12°

29 Желтоқсан, 2023 NEWS

Қазақстан Талибанды тыйым салынған ұйымдар тізімінен алып тастайды

2005 жылы Жоғарғы сот шешімімен Талибан қозғалысы террористік ұйым деп танылып еді.

Фото: Ашық дереккөз

Қазақстан "Талибанды" тыйым салынған ұйымдар тізімінен алып тастайды. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров inform.kz сайтына берген сұхбатында айтқан. 

- Қазақстан елде тыйым салынған террористік ұйымдардың ұлттық тізіміне үнемі ревизия жүргізеді. Аталған үдеріс шеңберінде БҰҰ тәжірибесіне сәйкес, одан "Талибан қозғалысын" алып тастау туралы шешім қабылданды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің орындауға міндетті қарарларына сәйкес, "Талибан қозғалысы" БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі террористік деп таныған ұйымдардың тізімінде жоқ, – деген Айбек Смадияров.

Сондай-ақ Айбек Смайдияровтың айтуынша, "Талибан" түрлі елдермен, соның ішінде Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға және әлемдік жұртшылық алдында өзін ақтауға тырысады. Ұйым көрші елдермен сауда қарым қатынасын жақсартуға тырысып жатыр. 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір