• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 16:35:00
Алматы
+12°

04 Қаңтар, 2024 NEWS

Oyan, Qazaqstan қозғалысының тағы бір белсендісі 15 күнге қамалды

16 желтоқсанда Алматыдағы Тәуелсіздік ескерткішінің алдында Желтоқсан оқиғасының, Жаңаөзен оқиғасының және Қаңтар оқиғасының құрбандарын еске алу шарасы өтті.

Фотоколлаж: qamshy.kz

Жанель Шахан 2023 жылдың 16 желтоқсан күні 1986 жылғы Желтоқсан мен 2011 жылғы Жаңаөзен құрбандарын еске алу акциясына шыққаны үшін 15 тәулікке сотталды. Бұл туралы Oyan Qazaqstan қозғалысы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

Белсенді Жәнел Шахан 25 желтоқсанда да шақырту алған. Алайда денсаулық жағдайына байланысты полиция бөлімшесіне бара алмаған.

ощ

"16 желтоқсан күні менің үстіме жапсырылған стикерлерде осындай сөздер болғандықтан, бүгінгі таңда мені 15 тәулікке жала жауып, қамап, бостандығыма қауіп келтіріп жатыр. Егер мен, Қазақстан азаматшасы, өз елімде, өз қаламда, «мейрам күні» (билік айтқандай) Республика алаңына шыға алмасам, сол жерде тұрып, өз пікірімді бір-екі ауыз сөзбен білдіре алмасам, бұл нені білдіреді? Бұл дегеніміз менің еркін тыныс алып, еркін өмір сүре алмайтынымды білдіреді. Ал еркіндік – әр адам бойындағы ең маңызды қасиет", дейді Жанель Шахан. 

Еске салсақ, бұған дейін Oyan, Qazaqstan қозғалысынның белсенділері Равкат Мұхтаров пен Бота Шәріпжанды 16 желтоқсандағы акцияға қатысқаны үшін 15 тәулікке қамаған еді. 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір