17 Қаңтар, 2024 Спорт
Құлыбаев қазақтың спортын құртты – Бапи
Оның ойы елдің мұнайын сатып, қалтасын толтыру. Спортты қайтсін?!
Фото: golosameriki.com
Қазақтың Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті қызметіне Тимур Құлыбаев келгеннен бері елдің спорттық жетістіктеріміз құлдырай бастады, деді депутат Ермұрат Бапи.
Бапи былай дейді:
Құлыбаев келгелі Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылығына кілең «Ескі Қазақстанның» өкілдері іріктеліп алынды. Оның ішінде, бір-біріне айнымас құда-жекжаттар мен миллиардер күйеудің олигарх-достары өріп жүр.
Сонымен қатар, комитетке мүше болып сайлануға 70 жастық шектеу белгіленген. Қазіргі мүшелердің ішінен бұл цензден асып кеткендер де, күні ертең толайын деп отырғандар да бар.
Ұлттық Олимпиада комитеті басқарушы органының осындай шал-шауқандар құрамымен қандай жеңіске жетуге болады?
Тимур Құлыбаев Қазақстанның ең ірі 50 жеке бизнесі қатарына кіретін компаниялардың активтерін иелене отырып, бірқатар ірі бизнес жобаларды бақылайды, Оның ішінде: «АЛМЭКС» Холдингтік тобы, «Каспий Мұнай» және «Retro Retail» мұнай компаниялары бар.
Мұндай шамадан тыс жүктемемен оның олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға мүлдем уақыты жоқ деуге болады! Оның ойы елдің мұнайын сатып, қалтасын толтыру. Спортты қайтсін?!
Қысқасы, комитеттің жұмысында «Әділетті Қазақстан» бағытында трансформация әлі де жүріп жатқан жоқ.
Айтпақшы,
- Токиодағы соңғы жазғы Олимпиада ойындарында біздің спортшылар бір де бір алтын-күміс медаль алған жоқ, 8 қола медальмен қайтты. Медаль есебінде еліміз 83-ші орынға бір-ақ түсті.
- 1994 жылдан 2014 жылға дейін жазғы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар тұрақты түрде 4-5-ші орын алып келген. Ал 2018 жылы біз 9-шы орынға, 2023 жылы 11-ші орынға түстік.
Шамамен, Парижде де осының кебін киюіміз әбден мүмкін.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір