• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Қараша, 05:40:59
Алматы
+12°

19 Қаңтар, 2024 Сұхбат

Назарбаев қазақты жек көреді – Уәлихан Қайсаров

Тым пәле болғасын оны бала кезінде қазақтар ұрды ма екен?

Фото: youtube.com/@Mumkin-emes

Назарбаев ешқандай да дара тұлға емес. Ол қулықпен, алдаумен, жылпостықпен билікке жетіп алған қарапайым қу пенде.

Қазақстанның тағдыры онсыз да қайғылы. Бірақ егерәки ғайыптан Назарбаев СССР-ді басқарған болса, Қазақстанның тағдыры қазіргіден де қиын болар еді. Ол қазақтың бәрін совет одағының құрбандығына шала салар еді. Өйткені Назарбаев ғұмыр бойы басқа ұлттардың алдында жақсы атану үшін қазақтарды жер қылып келді. Орыс өкпелемесін, неміс ренжімесін, украиндер, басқалар болсын, басқаша түсініп қалмасын деп қазақтың мүдделерін сатып жібереді ол. 30-шы жылдардағы Голощекиннен асып түсер еді. Ол Қазақстандағы қазақтан басқа ұлттың бәрінің қамын күйттеумен айналысты. Қазақ ол үшін құнсыз. Басқа ұлттар құнды. СССР-ді Назарбаев басқарғанда, қазақ құрып кетер еді, жер бетіндегі ең бақытсыз халыққа айналып кетер еді. Назарбаев Мәскеуге бара алмай, қайта Құдай сақтады бізді, СССР-дің ыдырап, құлағаны сақтады бізді.

Фото: olx.kz

Назарбаевтың соңғы кітабын қолыма ұстап, аударып-төңкердім де, сатып алған жоқпын. Мен ондай ақымақ, лох емеспін ғой. Отыз жыл оның айтқан өтірігін естіп келіп, енді жазған өтірігін оқуым қалыпты. Адал еңбекпен тапқан ақшамды енді соның гонорарына төлеуім керек пе? Назарбаев өлсе де шындықты айтпайды, оның кітабын тегін берсе де алмаймын. Мен 94-ші жылдан бері оппозициядамын, басқа-басқа, Назарбаевты тым жақсы білемін.

86-ның желтоқсанында Назарбаев "әскер әкеліңіз" деп Горбачевқа қояр да қоймай қайта-қайта қоңырау шалды. Ол қоймай қойған соң Горбачев амалсыз әскер жіберуге бұйрық берген. Одақ елдерінен қызыл әскердің келуі бейбіт жастарды арандатуға себеп болды.

Назарбаевтың маңайындағы олигархтардың арасында қазақ бар ма? Жоқ! Шетінен индус, кәріс, орыс, өзбек, еврей... Қазақтың өмірін құрту деген асыл мақсатына түбі жетті ол.

Назарбаев сонша сұмырай болғандықтан халық Қонаевты қатты жақсы көреді. Назарбаевты Қонаевпен емес, Жұмабек Тәшеновпен салыстыру керек. Тәшенов деген тау тұлға. Қонаевтың тұсында қазақ мектептері жабылды, қазақ тілі дамымады. Ауыл шаруашылығының кірісінен шығыны көп болды. Бірақ қалай дегенде де Назарбаев билікке келмей тұрған кезіміз жақсы болды. Қонаев ұрлаған жоқ, адамдарды мазақ қылған жоқ.

Ешбір президент ұрлықпен айналыспауы керек. Мысалы, өз ақшамызды бергені үшін біз банкоматтың алдында бас имейміз ғой, президент те, банкомат та бар-жоғы өз функциясын атқарады. Бірақ Назарбаев бізді өмірде адал мемлекеттік қызметкер болады дегенге сенбейтіндей етіп тастады.

Бұл – қазақ саясаткері Уәлихан Қайсаровтың айтқаны. 
(YouTube-тегі "Мүмкін емес" арнасында сөйлеген жарты сағаттық сөзінде ол осылай депті)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір