• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 13:31:00
Алматы
+7°

Сурет: ашық дереккөз

Халықаралық Transparency International (TI) ұйымы 2023 жылдағы әлемдегі жемқорлықтың индексін шығарды.

"Қырғызстан бұл рейтингте жалпы 100 баллдан 26 ұпай алып, әлемдегі 180 өлкенің ішінен 141-орынға жайғасты", деп жазыпты Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Transparency International бұл рейтингте алынған ұпаймен есептелетінін ескерткен.

Қырғызстан соңғы ондаған жылдардан бері жемқорлық индексінде 30 ұпайға жете алмай келеді.

 

Сот әділеттілігінің әлсірегені қызметкерлердің жауапкершілігінің төмендеуіне алып келеді, бұл жемқорлыққа жол ашуға мүмкіндік береді. Пара алу және қызмет бабын асыра пайдалану сияқты коррупциялық әрекеттер соттарда және басқа да институттарда да жайылған. Коррупция болған жерде қарапайым адамдардың сот әділдігіне жетуі қиын. Байлар және биліктегілер сот жүйесіне әсерін тигізіп, қоғамға зиянын тигізіп жатады, - деп айтылған ұйым мәлімдемесінде.

 

Жемқорлық индексі 0 ұпайдан 100 ұпайға дейін есептеледі. Дания, Финляндия және Жаңа Зеландия жемқорлығы жоқ елдің қатарында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір