• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Наурыз, 00:51:21
Алматы
+35°

06 Ақпан, 2024 Саясат

ашық дереккөзден

Сарапшылардың бірі «Бектеновтың потенциалы мықты, енді өңір әкімдері тырп ете алмайды» десе, енді бірі одан үлкен өзгерістер күтудің қажеті жоқ екенін айтады.

Дос Көшім Олжас Бектеновтың үш артықшылығын атап көрсетті. Бірақ саясаттанушы одан үлкен өзгерістерді күтудің қажеті жоқ деп ойлайды.

«Біріншіден, ол «ескі Қазақстанның» ішінде аса көзге көрінбеген, жағымсыз кейіпкер болмаған, анау-мынау мәселелерге басы шатылмаған тың адам. Екіншіден, сыбайлас жемқорлықпен күресте басшылық қызмет атқарған. Сондықтан мұндай жаңалық жемқорлық мәселесі өте өзекті Қазақстанда позитивті қабылданады. Үшіншіден, ол – Тоқаевтың сенетін, үміт артатын, өз командасындағы адамы. Президент осылай өз адамдарын жауапты орындарға жайлап қоя бастайды. Негізі, Премьер-министр Тоқаевқа ең жақын адам болуы керек. Бірақ жаңа Премьер-министрден үлкен өзгерістерді күтудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Бұл Қазақстан тарихында тек Қажыгелдиннің қолынан ғана келген».

Сондай-ақ саясаттанушы «Ескі Қазақстан» және «Жаңа Қазақстан» деген терминдерді өзі басы қабылдамайтынын нақтылайды.

«Кеңес заманында біз ұранменен күн көргенбіз. Сол секілді бұл екеуі де мен үшін жасанды ұран. Әйтпесе кеше «Ескі Қазақстанда» жүргендер бүгінгі «Жаңа Қазақстан» билігінде әлі сол күйінде жүр. Президент те, Сенат төрағасы да, мемлекеттік хатшы да «Ескі Қазақстан» құрамында болған. Сондықтан бұл терминдерді мен мойындамаймын. Ал билік біреу. Ол ешқашан бөлінбейді. Бұл Тоқаевты ақтап алу үшін қолданылып жатқан идеологиялық тәсіл деп ойлаймын».

Еуразиялық интеграция институтының директоры, саясаттанушы Оразғали Селтеев Олжас Бектеновтың өңір әкімдерін тырп еткізбей, өз қадағалауына алуына потенциалы жеткілікті екенін айтты.

"Әкімдер тақымын қыса берсе болады, енді көз жұмып, орталыққа мүлгіп қарап отыру деген болмайды. Егер Смайыловтың Үкіметі қаңтар оқиғалары мен саяси өзгерістерден кейін лауазымды орындарды «ескі Қазақстан» адамдарынан «тазартып», транзиттік функцияны атқарса, ал Бектеновтың Үкіметі реформаторлық функцияны қолға ала отырып, жаңа ережелер бойынша экономикалық процестерді бір жолға қоюда батыл әрі табанды әрекет етуі керек болады. Егер ол бұл бағытта Наталья Годуновамен (Жоғары аудиторлық палата төрайымы – авт.) тығыз жұмыс істессе, жаңа Үкіметтің тиімділігін арттыруға болады деп ойлаймын", деп жазды Селтеев өзінің Telegram арнасында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір