• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 18:42:05
+35°

07 Ақпан, 2024 Экономика

"Бәйтеректі" базар қылған Байбазаров..."

"Бір ұлттық холдинг жұмысын жемісті ете алмаған адам ел экономикасында қандай тәртіп орнатсын?"

primeminister.kz

«Бәйтерек» холдингіне қатысты отандық сарапшылар арасында сын көп айтылады. Оны Үкімет пен бизнес арасындағы делдал деп танитындар да бар.

Менеджерлері миллиондап бонус алатын бұл құрылымның көзін жою керектігін айтушылар да табылады.

Алайда көптеген сыннан кейін бұл холдинг қайта құрылымдауға жатқан болатын. 2023 жылы қараша айының соңында Дүниежүзілік банк жариялаған есепте тағы да сын айтылды.

«Ірі көлемдегі субсидияларды тарату, қаржы нарығына тікелей әсер ету арқылы «Бәйтерек» холдингі бәсекелестікті тежеп, жеке инвестицияларға кедергі болып отыр» делінген онда.

Міне, бүтін елдің дамуына жауапты - Ұлттық экономика министрлігі басшылығына бүгіндері осы холдинг басшысы келіп отыр.

Әрине, бұл арада мынандай заңды сұрақ туындайды: бір ұлттық холдинг жұмысын жемісті ете алмаған адам ел экономикасында қандай тәртіп орнатсын?

Бүгін журналистер қауымы осы сұрақты министрдің өзіне төтесінен қойып көрді. Бірақ...
Нұрлан Байбазаров еш саспады:

«Мен Сіздердің бұл пікірлеріңізбен келісе алмаймын. Себебі «Бәйтеректің» активі өсіп жатыр, таза табысының өзі 409 млрд теңгені құрайды. Ол арада жүйелі, онда да трансформация, тиімділікті арттыру бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Егер табыс құрылымына қарайтын болсақ, басты табысты біз басты инвестициялық қызметтен алып отырмыз».

Сондай-ақ Ұлттық экономика министрі Мемлекет басшысы өзіне жаңа Салық кодексін, оның ішінде қосымша құн салығына қатысты мәселерді қайта қарастыруды тапсырғанын атап өтті.

«Бұл бағытта біз бизнес қауымдастықпен, сарапшылармен жұмыс істеп, аталған кодексті қайта қарап жазып шығамыз», деді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір