07 Ақпан, 2024 Әлеумет
Алматыда заңсыз келімсектердің тағы бір тобы табылды
Келімсектер қаланың әртүрлі нысандарынан табылды.
ҚР ІІМ
Алматыда Африка елдерінен келген 28 азамат анықталды.
Бұл өткен күні қаланың көші-қон қызметі жүргізген мақсатты іс-шара нәтижесінде тіркелген дерек.
Polisia.kz хабарлауынша, келімсектер қаланың әртүрлі нысандарынан табылды.
– Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 16 шетелдік азамат ПД-ның қабылдап-тарату орнына орналастырылды, Африка елдерінен келген тағы 8 азаматты Қазақстаннан мәжбүрлеп шығару мәселесі шешіліп жатыр. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын басқа да бұзушылықтарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір