• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:25:54
Алматы
+12°

07 Ақпан, 2024 Экономика

Үкімет БЖЗҚ-ның ақшасына вагондар сатып алған

Қаржыгерлер де, сарапшылар да бұған аң-таң. Өйткені БЖЗҚ ақшасы инвестиция салып, пайда табу үшін бөлінеді. Яғни, ертеңгі күні үшін жинаған халық ақшасы еліміздің бір саласын оңалтуға немесе жаңартуға жұмсалмауы тиіс!

Ашық дереккөзден алынды

Ал сонда мұны қалай түсінуге болады?

Әлқиссадан бастасақ, бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихаты барысында Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров БЖЗҚ ақшасына вагондар сатып алынғанын растады. Нақтырақ айтқанда, жобаның бірінші пулы БЖЗҚ ақшасынан қаржыландырылған болып шықты.

Бұл мәліметтің анық-қанығын Байбазаровтың жақсы білу себебі – ол кісі бұған дейін аталған тауарларды сатып алуды жүзеге асырған «Бәйтерек» холдингінің тізгінін ұстаған.

Министр бір жүк вагонының құны шамамен 30-35 млн теңге, ал жолаушылар вагонының құны шамамен 700-800 млн теңге екенін атап көрсетті.

«Иә, нарықтағы баға осындай. Сондықтан қаржы бөлінді, бұл да азаматтарға көрсетілген көмек, біз жаңа вагондарға мінетін боламыз, жүк вагондарын да сатып аламыз. Егер жаңасын сатып алмасақ, бұл нарыққа бөтендер келіп алады», дейді ол.

Министр бұл еліміздің вагондар паркін,  жүк және жолаушылар вагондарын жаңарту болып табылатынын да нақтылай кетті.

"Қаржы игеріліп, вагондарды жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өзге де жобалар айқындалып қойды. Ол жағын нақты айта алмаймын. Бірақ Үкімет негізгі бағыттарды бекітті: бұл - инфрақұрылымдар, қайта өңдеу өндірісі секторындағы жобалар», деді Байбазаров.

Министр БЖЗҚ қаржысы салынатын жобалар қатарына энергетика саласы енбегенін де айтады.  

«Нақты жобаларға келетін болсақ, «Бәйтерек» қоры, оның еншілес құрылымдары, ҚДБ, өнеркәсіпті дамыту қоры, олар әрбір жобаны қабылдайды, зерттейді, сараптамадан өткізіп, мақұлданғаннан кейін ғана БЖЗҚ-дан қаражат тарту үшін Ұлттық банкке жүгінеді», деді министр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір