• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 09:21:12
Алматы
+35°

08 Ақпан, 2024 NEWS

Алматыдағы лай көшкіні: Оқиға орнынан 4 адамның денесі табылды

Оқиға орнында құтқарушылар 1984 жылы туған ер адамның, 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылы туған екі баланың денелерін тауып алып шықты

Фото: Ашық дереккөз

Алматыда лай басып қалған үйдің орнынан қаза болған барлық төрт адамның денесі шығарылды. Бұл жөнінде төтенше жағдай министрлігі хабарлады.

Бұған дейін департамент 2007 жылғы екі ер баланың денесі шығарылғанын хабарлаған еді. Кейіннен үшеуінің денесі табылғаны белгілі болды.

"Қазір үйіндіні аршу және лайдан тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Оған өткір заттар, әйнек, арматура және өзге де заттар араласқан балшықтың көптігі, үйге кіру жолының тар болуы, техниканы пайдалану мүмкіндігінің жоқтығы кедергі келтіріп отыр", деп жазды департамент өкілдері.

Қазіргі уақытта жеке тұрғын үйді лайдан тазарту және адамдарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 182 маман мен 32 техника жұмылдырылды. Жедел медициналық жәрдем бригадалары да сонда.

– Туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетілді. Алматы қаласы ТЖД және республикалық жедел-құтқару жасағының күштерімен топырақтың лайлануына байланысты техногендік сипаттағы лай көшкіні ғимаратты зақымдаған. Соның салдарынан алдын ала қаза тапқан ер адамның денесі табылды. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Ақпарат толықтырылады, – делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы лай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір