• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 07:40:52
Алматы
+35°

08 Ақпан, 2024 Әлеумет

Tez.kz туроператоры жұмысын тоқтатып, 300-ден аса отандасымыз шетелде қалып кеткен

Бүгін ҚР Туризм және спорт министрлігі Tez.kz туроператорының қызметін тоқтатуына байланысты шетелге қалып кеткен отандастарымызға қатысты маңызды мәлімдеме жасады.

Ашық дереккөзден алынды

Айта кетсек, 2024 жылғы 24 қаңтарда TEZ.KZ туроператоры қызметін тоқтата тұратынын хабарлаған еді. Аталған туроператор қызметін тоқтата тұратыны туралы ақпарат тараған кезде шетелде 313 отандық турист болған. Осыған байланысты ҚР Туризм және спорт министрлігінің үйлестіруімен ел азаматтарының көшпелі туризм саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі «Туристік Қамқор» қоры қазақстандық туристерді қайтару бойынша жұмысты ұйымдастырды.

«Қазіргі уақытта барлық турист Қазақстанға оралды. Министрлік пен Қордың бірлескен жұмысының нәтижесінде туристер елге оралу кезінде ешқандай кедергіге тап болған жоқ. Олардың демалысы турда көрсетілген мерзімге сәйкес өтіп, ұшып келу уақыты турпакетте жоспарланған күндері жүзеге асырылды», делінген ҚР ТСМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Tez.kz туроператор

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір