• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 03:12:33
Алматы
+12°

09 Ақпан, 2024 Әлеумет

Қазақстанда төлемнің жаңа түрі - арнаулы кәсіптік жәрдемақы беріле бастады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бұл жәрдемақы түрі қауіпті өндірістегі жұмысшыларды әлеуметтік қолдаудың жаңа құралы болып табылатынын айтады.

Ашық дереккөзден алынды

Қаңтар айында ХҚКО-лар арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы алуға 1200-ден астам өтінішті қабылдаған. Қазірдің өзінде республикалық бюджеттен үміткерлерге 160 миллион теңгеден астам қаражат төленді.

Еңбек жағдайы зиянды жұмыскерлерге арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы мөлшері екі күнкөріс деңгейін құрайды. Ол 55 жастан асқан адамдарға тағайындалады және зейнеткерлік жасқа дейін төленеді.

Жәрдемақы алу үшін БЖЗҚ-да кемінде 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары болуы керек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір