• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 13:11:42
Алматы
+35°

12 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

Орманшылардың жалақысы өсті

Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев орманшылардың жалақы мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты.

ашық дереккөзден алынды

   2023 жылғы 1 шілдеден бастап әлеуметтік мәселені шешу шеңберінде мемлекеттік орман күзеті қызметінің қызметкерлеріне лауазымдық жалақының 100% мөлшерінде қосымша ақы белгіленді. Мемлекет орман күзеті қызметкерлерінің орташа жалақысы 129 мың теңгеден 250 мың теңгеге өсті, – деді министр.

   Яғни, 12 876 штаттық қызметкердің жалақысы өсті. Олардың қатарында мемлекеттік орман күзеті қызметі, табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторлары бар.

   Қалған қызметкерлерге штатқа кіретін әкімшілік қызметшілерге және штаттан тыс қызметкерлерге министрлік пен кәсіподақ арасындағы келісім шеңберінде 75% үстемақы қарастырылды.

   Сондай-ақ «министрлік жалақыны 100 пайыз көтеру бойынша жүйелі шаралар қабылдау үшін орман өрт сөндіру стансаларының барлық қызметкерлеріне, оның ішінде уақытша қызметкерлерге қосымша ақы төлеу бойынша Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Қаулы жобасы уәкілетті органдармен алдын ала келісілді» деп айтты ведомство басшысы Мәжілісте.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: орманшылар жалақы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір