• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Қараша, 15:59:52
+12°

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның әйеліне сот үкімі шықты.

Қылмыстық іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Сот үкімімен Арыстанбек Мұхамедиұлы аса ірі мөлшерде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ғалия Ысқақова парақорлыққа делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынып, 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Мұстақым Төлеев аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу барысында Арыстанбек Мұхамедиұлы аса ірі мөлшерде пара беруге оқталды деп (ҚК 24-бабының 3-бөлігі – 367-бабының 4-бөлігі), әйелі парақорлыққа делдалдық жасады деп (ҚК 368-бабының 1-бөлігі) және Төлеев аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы) айыпталған.

"М. (Арыстанбек) 2022 жылдың желтоқсанында Астана қаласының тергеу изоляторында болған кезінде қамаудан босатылып, «Д» қонақ үйін меншігінде ұстап қалғысы келіп, адвокат Т. арқылы лауазымды тұлғаларға аса ірі мөлшерде пара беруге қылмыстық ниет білдірді, бұл ретте өзінің жұбайы И.-ны парақорлыққа делдал ретінде тартуға шешім қабылдады. Әрі қарай, жұбайы М.-мен келісіп, Т.-мен келіссөздер жүргізіп, заңсыз ақшалай сыйақыны лауазымды адамдарға беру туралы келісімді жүзеге асыру мақсатында Т.-ға М.-ның пара беруге дайындығы туралы хабарлады. 2022 жылдың желтоқсанында И. кафеде «Д» қонақ үйінің мәселесін шешу үшін Т.-ға 140 мың АҚШ долларын жеке өзі табыстады. 2023 жылдың қаңтарында жұбайы Т.-ның көлігінде делдал рөлін атқара отырып, М.-ға қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту үшін 120 мың АҚШ долларын өзі тапсырды", – делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір