• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 08:05:06
Алматы
+35°

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі білім беру  беру факультетінің ұстаздар ұжымы мұзбалақ ақынымыз Мұқағали Мақатаевты еске алу құрметіне арналған онкүндік іс-шара ұйымдастырды. Шараның ашылу салтанаты ақынның туған күніне орайлас 9 ақпан күні факультеттің акт залында өтті. Салтанатты шарада Мұқағали өлеңдерін көркем мәнерлеп оқумен қатар, жырсүйер қауым «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының сахналық көрінісін көрермен назарына ұсынды.

Онкүндік мәдени-танымдық шара концерттік бағдарламамен қатар әлеуметтік-тәрбиелік мәні зор іс-шараларды қамтыды: «Қазақтың қара өлеңі – құдыретім» аталымы бойынша М.Мақатаевтың шығармаларынан көркем сөзді мәнерлеп оқу байқауы; шетелдік студенттер үшін «Кел, сауатты жазайық» тақырыбында мемлекеттік тілде М.Мақатаев туралы маңызды мәліметтер қамтылған мәтіннен диктант жазу жарысы; «Ақиық ақын – Мұқағали» атты тақырыпта ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы эссе жазу сайысы; «Менің музам» атты көркемөнер арт-байқауы; «Поэзия менімен егіз бе едің?» тақырыбында кураторлық тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.

Онкүндік соңында «Мен өмірді жырлау үшін  келгенмін» атты қорытынды әдеби-музыкалық кеш өткізілді. Қорытынды кештің соңы шара барысында өз өнерімен тыңдарманын тамсандырған жеңімпаздарға әр аталым бойынша марапаттар мен дипломдар беріліп, барлық қатысушыларға алғысхаттар табысталды. Білім алушыларға рухани берер азығы мол, жоғары деңгейде ұйымдастырылған әлеуметтік-тәрбиелік және әдеби-мәдени мәні зор іс-шара болды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дайындық кафедрасының аға оқытушылары Наралиева Р.Т., Тилеужанова Г.Т., Бегалиева А.К.

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы қаласы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір