23 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар
Алматыда сейсмикалық жаттығу уақытында жер сілкінді
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі бүгін сағат 10:08 шамасында жер сілкінісін тіркеді.
pixabay.com
Эпицентр Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 259 км жерде Қытай аумағында орналасқан. Алматылықтарға оның афтершоктары сезілген.
«Алматы қаласында 2 балл сезілді. Зардап шеккендер мен ғимараттарға зақым келгені туралы ақпарат жоқ. Жағдай тұрақты», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрлік азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді.
Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі мен Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері 23 ақпанда қалада сейсмикалық жаттығу өтетінін мәлімдеген.
Сейсмикалық жаттығудың негізгі мақсаты – қала тұрғындарының төтенше жағдайларда дайын болу керектігіне үйретеді. Яғни, тұрғындар эвакуация маршруттарын, қауіпсіз орындарды алдын ала анықтап, дабыл чемодандарын дайындайды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір