• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:44:02
Алматы
+12°

23 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

Бірыңғай уақыт белдеуі: Цифрлық даму министрлігі мәлімдеме жасады

2024 жылы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстанда Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан басқа барлық аймақ бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді.

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

Цифрлық даму министрлігі осы іс-шараны жүзеге асыру мақсатында келесі шаралар қабылданғалы жатқанын еске салады:

1) IANA (Интернет мекенжай кеңістігінің әкімшілігі), ХЭБО, РСС, ICANN, IETF, IESG сынды  халықаралық ұйымдарға Қазақстанның бірыңғай 5-ші уақыт белдеуіне көшуі, сондай-ақ Қазақстан үшін уақыт белдеулерінің (time zone database) жалпыға қолжетімді дерекқорындағы деректерді жаңарту қажеттілігі туралы ресми хабарланды.  

Осыған байланысты абоненттер шығарылған жаңартуларды Android және IOS сияқты халықаралық операциялық жүйелермен жаңартуы қажет.

2) Цифрлық даму министрінің тапсырмасына сәйкес, байланыс операторлары:
- өздерінің ақпараттық жүйелерінің қажетті өлшемдерін  дайындау бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларын өткізеді;

  • ұялы байланыс операторларының қысқа мәтіндік хабарламаларды жіберуін, сондай-ақ интернет-ресурста және мобильді қосымшада (бар болған жағдайда) хабарлауды қоса алғанда, қызмет көрсету арналары арқылы өз абоненттері мен пайдаланушыларына жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы алдын ала хабарлау бойынша шараларды жүзеге асырады;
  • Интернетті қоса алғанда, ұсынылатын байланыс сервистері мен қызметтерінің тұрақтылығын сақтау, сондай-ақ тарифтің ай сайынғы төлемін екі есе есептеу жағдайларын болдырмау мақсатында техникалық инфрақұрылымды дайындайды.


Құзырлы ведомство толығырақ ақпарат алу үшін байланыс операторларына хабарласуға болатынын да нақтылайды.

 

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір