• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 13:54:40
Алматы
+7°

27 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

Жүдеу тартқан Арыстанбек Мұхамедиұлы абақтыда аштық жариялағанын айтты

Астанада экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты кезекті сот отырысы өтті. Бұрынғы мәдениет министрі сегіз ай ішінде үшінші рет сотталып жатыр.

видеодан алынды

Былтыр маусымнан бері жазасын Астанадағы №64 абақтыда өтеп жатқан ол "24 күннен бері нәр татпай аштық жарияладым", деді бүгінгі соттағы жарыссөзде. 

"Күнде йогамен айналысамын. Біз күнде кітап оқимыз, спортпен айналысамыз. 24 күн аштық жарияладым. Бірақ қажетті құжаттарымды алдым. Мақсатыма жеттім", деп КТК телеарнасы соттағы Арыстанбек Мұхамедиұлының сөзін келтіреді.

Ол істі қарап жатқан прокурордың ауыстырылғанын қалайды. Әңгіме Астанадағы "Дипломат" қонақүйін рейдерлік жолмен тартып алды деген айыпқа қатысты қылмыстық іс турасында. Істің басы-қасында жүрген мемлекеттік айыптаушы өткен жұмада ғана бұған дейін экс-министрді айыпты деп тауып, 12 жылға қамауды сұраған.

Мұхамедиұлы бұл іс біткенімен, басқасының басталатына сенімді.

Еске салсақ, бұрынғы мәдениет министрі бұған дейін екі іс бойынша айыпты деп танылған. Әуелі Ұлттық музейдегі жемқорлық дерегі бойынша 8 жыл арқаласа, кейін сол жазаны жеңілдету үшін адвокаты арқылы пара беріп, басы тағы бәлеге қалды. Сонымен алғашындағы сегіз жыл жазасына тағы үш жыл қосылып, 11 жылға бір-ақ кетті. Сот үшінші іс бойынша да кінәлі деп тапқанның өзінде, тағы 12 жыл жаза қосылмайды. Заң бойынша, айыпталушы кесілген үш жазаның ішіндегі ең ауырын өтеуге тиіс.

"Мен сізге тағы сұхбат беріп жатырмын, тағы іс қозғайды. Қозғай берсін, мен қорықпаймын. Неге десеңіз, барлығының нақты бір фактісі жоқ. Егер факті болса, пара алып жатқанымды, басқа біреумен кездесіп жатқанымды көрсетуші еді, "міне" деп", деді сотталушы Арыстанбек Мұхамедиұлы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір