• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 04:58:15
Алматы
+35°

29 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

"Еш кедергісіз сатып жатыр"

Геннадий Шиповских Қазақстандағы есірткіге қарсы күресті күшейтуді талап етті

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенат отырысында депутат Геннадий Шиповских үкімет басшысы Олжас Бектеновке сауал жолдап, есіркі тұтынудың жаңа үрдісінен сақтай алмай отырмыз деп дабыл қақты. 

-  Синтетикалық есірткі халқымыздың денсаулығына, ұлттық тегіміз, экономикамызға, құқықтық тәртіп пен мемлекеттік қауіпсіздігімізге өте қауіпті екенін сөзсіз. Балалар мен жасөспірімдер ең осал орта болғандықтан қаскөйлер жастардың миын улап, синтетикалық есірткіні қолжетімді бағада етіп, интернет мессенджерлерінде еш кедергісіз сатып жатыр. Бұл кеше-бүгін пайда болған мәселе емес. Осы күнге дейін парламент мінберінде, оның ішінде сенаторлар бірнеше рет нақты мәселе көтерген. Сонымен қатар БАҚ пен қоғамдық ұйымдар тарапы да осы мәселені үздіксіз көтеріп келеді. Одан бөлек мемлекет басшысы 2022 жылғы жолдауында синтетикалық есірткімен күресті мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде атап, бұл бағытта жұмысты күшейтуді әрдайым талап етіп келеді, – деп атап өтті ол. 

Сенат депутаты осы саладағы ресми статистикаға тоқталып өтті. 

“Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының ақпаратына сәйкес, 2021-2023 жылдар аралығында синтетикалық есірткі заттарын таратқаны үшін 1021 азаматқа қылмыстық іс қозғалды, оның 246-ы – 2021 жылы, 314-і – 2022 жылы, 461-і 2023 жылы жауапқа тартылды. Дәл солай кейінгі үш жылда синтетикалық есірткіні тәркілеу көлемі 100 келіден мың тоннаға дейін өскен. 

Сонымен қатар арнайы және құқық қорғау органдары 2021 жылы 17, 2022 жылы 68, ал 2023 жылы 81 есірткі зертханасының қызметін анықтап отыр. Бұл біздің ойымызша масқара статистика”, – деп дабыл қақты ол. 

Геннадий Шиповских осы ретте бірнеше ұсыныс айтты: 

  1. Елдегі есірткі саудасының өршуіне байланысты тікелей Қазақстан Республикасының президентіне бағынышты есірткіге қарсы күрес жүргізетін жеке-дара мекеме құруды қарастыруды сұраймыз. Осы секілді мекемелер Ресей Федерациясы мен Аргентина мемлекетінде бар;
  2. Синетикалық есірткіні сатуға қатысатын сайттарды жарнамалау фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты күшейтіп, жарнамалаушыларды қатаң жазалау қажет;
  3. Мектеп, колледж бен жоғары оқу орындарында білімгерлерге есірткі таратудың және алаяқтар уәде еткен жеңіл ақшаға ұмтылудың салдары туралы түсіндіру шараларын жандандыру қажет;
  4. Жастар, әсіресе студенттер арасында синтетикалық есірткіні тасымалдаушылардың санының өсуіне байланысты нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеуді орынды деп санаймыз.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір