• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 15:14:47
Алматы
+8°

04 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

Алматыда жер сілкінді

Магнитудасы 5,3 баллдық тербеліс байқалды

Ашық дереккөзден

Сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 4 наурызда Алматы уақытымен 11 сағат 22 мин 05 сек (2024 жылғы 4 наурызда Гринвич бойынша 06 сағат 22 мин 06 сек) жер сілкінісін тіркеген.

“Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 километр жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.2. MPV, магнитудасы 6.1. Эпицентрдің координаттары 42.93° с.е. 76.96° ш.б. Тереңдігі 10 км. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша) Алматы 5,3 балл”, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Жедел ақпаратқа сәйкес Алматы облысында жер сілкінісінің қуаты 5,3 балл, Жетісу облысында (Талдықорған) 2 балл болған. 

Қалалық ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев жағдайға байланысты шұғыл мәлімдеме жасады.

“Бірінші тербеліс аяқталған соң ғимараттан шығып, халықты қабылдау пунктіне барыңыз. Тек ресми дереккөзге сеніңіз. Сирена естілген соң құлақтандыру құралдарын қосыңыз. Жағдай нақтыланған соң қосымша ақпарат ұсынылады”, – деген Атығаев азаматтарды дүрлікпеуге шақырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір