• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 04:52:48
Алматы
+35°

Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Мәскеудегі синагогалардың біріне шабуылдамақ болғандардың жолы кесіліп, атыс кезінде Қазақстанның екі азаматы өлтірілгенін хабарлады. Бұл туралы ресейлік ASTRA телеграм арнасы жазды.

ФСБ мәліметінше, қаза тапқандардың бірі 35 жастағы Сәбит Әшірәлиев, екіншісі 32 жастағы Жәнібек Тасқулаев есімді азаматтар. Олар "Ислам мемлекеті" радикалды тобына жататын "Хорасан уәлаяты" атты бөлімшенің мүшесі ретінде көрсетіліп, Ресей аумағына 28 ақпан күні барғаны айтылған.

Қазақстанның ҰҚК қаза тапқандар Қазақстан азаматы екенін растады.

"БАҚ-та Ресей Федерациясында Қазақстанның екі азаматының террорлық акті жасауды ұйымдастыруға әрекеті кезінде Ресейдің күштік құрылымдарымен көзі жойылғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұл адамдардың Қазақстандық азаматтығы және Ресейге шыққандығы расталады. Көрсетілген факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Тексеріс ынтымақтастық арнасы аясында Ресей ФҚҚ-мен тығыз байланыста жүзеге асырылуда" делінген ҰҚК хабарламада.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қазақстандықтар

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір