• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:35:15
Алматы
+12°

Әр ұлттың ұлттық киімі ұлттық болмысының көрінісі. Ұлт киімі арқылы сол ұлттың тарихы, мәдениеті сыр шертеді. Сонымен қатар, қазақ халқының ұлттық киімі – ұрпақтан-ұрпаққа сабақтасып келе жатқан, елдің ғасырлар бойы қалыптасқан сезімталдық талғамын, сәндікке, үйлесім бірлігіне, көркемдікке ұмтылған жасампаздығы мен шығармашылығының жетістіктерін бойына сіңірген құбылыс. Оның қай-қайсымыздың болса да, ұлттық мақтаныш сезімімізді оятатыны белгілі. Ұмыт болған мұраның сабақтастығын жаңғырту мақсатында «Ең әдемі киім — ұлтыңның киімі» атты іс-шарасы арқылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті https://farabi.university/ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫ қазақтың ұлттық киімдерін өскелең ұрпаққа насихаттауды мақсат етуді қолға алып 2023 жылдың қазақ айынан бастап аптаның әр жұмасында ұлттық киімдерді насихаттау іс-шарасын өткізіп келеді. ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНДА жаңданып отырған үрдіс  бүгін заманауи жаңаша атаумен жалғасын тапты. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ оқытушы профессор құрамы және топ кураторлары «Bauyrsaq paty» дастарханын жайды.

Іс-шараның мақсаты: ұлттық дәстүрімізді, қонақжайлық пен мейірімділікті дәріптеу, айналадағыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай отырып, ыстық бауырсақ арқылы ыстық ықылас, жылы лебіздерін сезіндіру. Сондай-ақ іс-шарада факультет тыңдаушылары қазақтың ұлттық әндерін орындап шараның көркін қыздыра түсті.  Мәселен Еркін Ерсіннің  Жетісу өңірінің мақамымен дәстүрлі әнді нақышына келтіре орындағыны дүйім жұрттың көңілінен шықты.

Осылайша тарихи бай мәдени мұрамызды жастар жадында мәңгі қалдырып, ұрпақтан ұрпаққа аманат етпекпіз.

ЖОО-ға  дейінгі білім беру дайындық
кафедрасының  оқытушылары:
Мужигова Гүлнәзира, Ибраимова Жібек,
25-топ тыңдаушысы Қайырқызы Айбиби

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ұлттық киім

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір