• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Қазан, 06:56:16
Алматы
+8°

14 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

Терапевтен жолдама алмай-ақ бейінді маманға қалай жазылуға болады?

Сәуір айынан бастап қазақстандықтар терапевттен жолдама алмай-ақ кейбір бейінді мамандарға жүгіне алады. Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев оның қалай болатынын түсіндірді.

Көрнекі сурет

Сенат кулуарында журналистердің дәрігерге тікелей жүгіну үшін не істеу керегіне қатысты сұрағына вице-министр Тимур Сұлтанғазиев жауап берді. 

- Әр емхананың онлайн жазылуға болатын өз жүйесі, ақпараттық қосымшалары, әртүрлі медициналық ақпараттық жүйелері бар. Сол жүйелермен тіркеу бөлімі арқылы жазылуға болады. Кей ұйымдар әлі күнге дейін адамдардың келуі бойынша кезекпен жүреді. Яғни, әр емхананың белгілі бір маманға жазылу механизмі бар, – деді Тимур Сұлтанғазиев.

Оның айтуынша, инновация науқастардың топтасып келуін, кезек туындаудың алдын алады. Өйткені азаматтар нақты қажеті бойынша ғана тікелей жүгінеді.

- Мысалы, тіс ауырса, тіс дәрігеріне бару үшін жалпы тәжірибе дәрігеріне немесе дәрігерге барып жолдама алудың қажеті болмайды. Сіз тіс дәрігеріне тікелей бара аласыз. Немесе мысалы, егер жарақаттанып қалса, медициналық көмек алу үшін дереу травматологқа баруға болады. Яғни мұндай объективті жағдайларда ғана жалпы тәжірибелік дәрігердің жолдамасынсыз бейінді маманға баруға рұқсат етіледі, – деп толықтырды министрдің орынбасары.

Бұрын норма төмендегі бөліктерді қамтыған:

  • шұғыл жағдайлар мен жарақаттар, оның ішінде офтальмологиялық, оториноларингологиялық сырқат;
  • шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету;
  • дерматовенерологиялық сипаттағы аурулар;
  • тіркелген жері бойынша акушер-гинеколог пен психологтың қабылдауы;
  • онколог және онкогематологтің қабылдауы;
  • диспансерлік есепте тұрғандар үшін-кардиолог, эндокринолог, офтальмолог, невропатолог, хирург қабылдаулары;
  • бейінді маманның айтуы бойынша оны қайта қабылдау;
  • жастардың денсаулық сақтау орталықтарында мамандар қабылдау;
  • жылжымалы медициналық кешендердің және басқа да мобильді қызметтер.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір