• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Қараша, 06:18:16
+12°

20 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

Фото: primeminister.kz

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді. Оның мәлімдеуінше, ауылдардың экономикасын қарқынды дамыту үшін ауыл бюджетінің кірістер бөлігін ұлғайту қажет. 

 - Осы мақсатта бюджеттің IVдеңгейіндегі кірістерін 2,5 есе арттырып, 167 млрд теңгеге жеткізуге мүмкіндік беретін қосымша салықтар мен төлемдердің кейбір түрлерін беру жоспарлануда. Атап айтқанда, жеке және заңды тұлғалардың мүлік салығының 50%-ы, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым, пайдаланғаны үшін төлемақы және жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем, — деді Байбазаров үкіметтің бүгінгі отырысында.

Яғни, министрдің сөзіне қарағанда, бұған дейін біраз жоба іскер асырылған. Оның ішінде тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласындағы 578 нысанды, 1,7 мың әлеуметтік нысан мен 3 мыңнан аса ауылішілік жолдарды салуға, жөндеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ биыл республикалық бюджеттен 179 млрд теңге бөлініп, 500-ден астам ауылда 1,4 мың жобаны іске асыру жоспарлануда. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір