01 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар
Су тасқынына байланысты мемлекеттік шекара жабылуы мүмкін
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі су тасқынына қатысты мәлімдеме жасады.
Фото: ашық дереккөзден
Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Абай және Қостанай облыстарында қалыптасқан күрделі су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстан-Ресей шекарасының жекелеген бағыттарында республикалық және халықаралық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелуі мүмкін.
Өз кезегінде шекара қызметі шекараның осы учаскелеріндегі өткізу пункттерінің алдында кептеліс пайда болғанын хабарлайды. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қозғалыс маршрутын түзетуді ұсынамыз, – дейді комитеттен.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір