• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 05:00:45
Алматы
+35°

02 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар

Экс-президент Назарбаевтың балауыз ескерткіші жоғалды

Астанадағы Қазақстан Қарулы Күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының экспозициясынан алты жыл бұрын орнатылған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың балауыз фигурасы жоғалып кетті

Фото: ашық дереккөзден

Бұған дейін Тұңғыш Президенттің балауыз фигурасы мұражай залдарының бірінде үстел үстінде болған. Енді Назарбаевтың орнына сол үстелде армия генералы,кеңес және қазақстандық әскери көсем, Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры және Қазақстанның Халық батыры Сағадат Нұрмағамбетовтің балауыздан жасалған ескерткіші тұр.

Музейдегілер Tengrinews.kz тілшісіне экс-президенттің фигурасы экспозициядан алынып тасталғанын, енді ол олардың қорында екенін айтқан. Ресми түсініктеме алу үшін Қорғаныс министрлігіне жүгінуді сұраған.

Назарбаевтың балауыздан жасалған фигурасы музейде 2018 жылы пайда болған. Жұмыстың авторы-гиперреалист суретші Айдос Есмағамбетов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір